Алматыда оқ атқан тұрғынға қатысты тың ақпарат жария болды

Oinet.kz 27-04-2021 933

Күзетшіні мылтықпен жаралап, артынша Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінде атыс ұйымдастырған ер адам туралы жаңа мәліметтер пайда болды. Белгілі болғандай, ол төрт жыл бұрын Ресейде адам ұрлады деп айыпталып, оның үстінен ағалары шағымданған, деп хабарлайды КТК арнасы. 

қылмыс.jpg

Телеарнаның хабарлауынша, ер адамның бауырлары оны өз әкесін ұрлады деп айыптаған. Бірақ іс сотқа дейін жетпеген - белгілі бір себептермен іс жабылып қалған. Ал ер адам тұрған тұрғын үй кешенінің тұрғыны "Астана" телеарнасына берген сұхбатында оның басында жарақаты болғанын айтқан. 

- Әйелі одан шамамен 2,5 жыл бұрын кетіп қалған. Біз оның соғысқа қатысқанын, Шешенстанда болғанын білдік. Оның миы шайқалған (контузия). Бәлкім осыдан кейін оның денсаулығында кінәрат болған шығар, - дейді көршілерінің бірі. 

Соңғы тәулікте 2284 адамнан коронавирус анықталды
«Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеп келеді» – Алексей Цой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу