Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қастандық

Oinet.kz 13-05-2021 1040

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күресу – ең  өзекті мемлекеттік маңызға ие процесстердің бірі. Заман ағысымен бірге өсіп, мол қаражат пен қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, күні бүгінге дейін жойылмай келе жатқан бұл қоғамдық дертпен күресу де оңай емес. Десек те, елімізде бұл кеселді жоюға бағытталған жұмыстар оң нәтижесін беріп келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз!»-деген сөзінде үлкен мән бар.

Screenshot_14.jpg

Президенттің жолдауына сәйкес 2021 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдері енгізілмек. Атап өтсек, мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер қойылып, мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметінен босатылатын болады. Президентіміз Қазақстан халқына Жолдау барысында елдегі жемқорлықпен күрес мәселесіне де тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың табысы азайып, экономиканы қолдауға бағытталған қаржыны жымқыру тәуекелі артқан пендемия кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігін атап өтті. 

 Сыбайлас жемқорлық дендеп кеткен елдің өркендеуі, экономикалық тұрғыдан жетілуі, білімі мен мәдениеті төменгі деңгейде қалып, озық елдермен бәсекеге түсе алмасы анық. Жең ұшынан жалғасатын жемқорлықтың салдары елді құрдымға жіберіп, дамуды тежейді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен тек қана тиісті органдар емес, бүгіл қоғам боп күрескенде ғана нәтиже шығаруға болады. Елін, Отанын, мемлекетін шексіз сүйетін әрбір азамат «біріміз бәріміз үшін»қағидасын берік ұстанып, жұмыла кіріссе-алынбайтын қамал, бағынбайтын белес болмайды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, кеше ғана еңсесін тіккен жас мемлекетіміздің ел болуға бет бұрған шағында жемқорлықтың таиырына бірге балта шапсақ, болашағымыз-жарқын, келешегіміз-кемел болар еді. Біздің еліміз ТМД елдерінің ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң қабылдаған бірінші және бірден-бір мемлекет. Ендеше, еліміздің абыройы мен беделі үшін сыбайлас жемқорлықпен әрбір адамның күресе білуі-қоғам алдындағы азаматтық парызы деп білемін.

Мақсат Князов,

Шымкент қаласының үстел теннис федерациясының вице президенті, «Шымкент қаласының №6 теннис спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммунулдық мемлекеттік мемесінің директоры 

Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді
«Қазақстанды бандиттер сақтап қалды» - ақын Бақыт Беделхан (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу