Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді

Oinet.kz 13-05-2021 683

Screenshot_13.jpg  

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2021 жылғы 6 мамырдан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауытын жоспарлы тоқтататыны туралы хабарлайды. 

Технологиялық қондырғыларға жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен келісілген. 

Зауытты күрделі жөндеуге тоқтатудың алдында резервуар парктері тауарлы өнімнің қажетті көлемімен толтырылды. 

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын, жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге және кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. 

«ПҚОП» ЖШС 

Баспасөз қызметі 

Дебат - еркін сөйлеу өнері
Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қастандық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу