Дебат - еркін сөйлеу өнері

Oinet.kz 13-05-2021 1156

Қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша пікірталастар – қоғамдық  жұмыстардың аса маңызды талап ететін нысаны. Ол - қоғам дамуының түрлі салаларын (саясат, экономика, мәдениет және т.б.), қоғамдық прогресс мәселелерін диалектикалық тұрғыда қарастыруға бағыттайды. «Сырдария» университетінде бұл бағыт бұрыннан ерекшеленіп, дебат клубы түрінде қалыптасқан. 

Screenshot_12.jpg

«Сырдария» университетіндегі дебат клубы еркін тұлғалар мен белсенді студенттерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.  Бүгінгі таңда білім беру саласындағы барлық құзыреттілік студенттерге берілгендіктен, кез келген білім алушының қарама-қарсы көзқарастар туындайтын аудиторияны қолдау көрсетілетін позицияға  сендіру үшін дәйекті дәлелдерді қолдана отырып, өзін-өзі дамытуға да зор мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, оқуда да, мансапта да қандай да бір нәтижеге жету үшін жеке тұлғаның бойында коммуникативтік дағдылар, күйзеліс жағдайына төзімділік пен ұжыммен жұмыс жасай алу қабілеті және басқа да икемдік қасиеттерін дамыту қажеттілігі туындайды. Ал, біздің университетімізде студенттердің тәжірибе жинақтап, өздігінен жұмыс істеуі үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

Икемдік дағдылар мен жұмыс істеу қабілетін дамытудың бір жолы - студенттерді  қоғамдық ұйымдардың жұмысына тарту. Соның ішінде дебаттар өткізу студенттердің белсенділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Осындай маңызды іс-шараларда белсенділік танытқан әрбір студенттің әлемдік тәжірибеден жинақтаған ауқымды ойлары мен тың идеяларды өз елінің мүддесі мен игілігіне қолдануға үйренері сөзсіз.

З. СЛАМБЕКОВА,

Сырдария университетінің тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры

Қазақстанда интернет 10 есеге арзан
Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу