«Қазақстанды бандиттер сақтап қалды» - ақын Бақыт Беделхан (видео)

Oinet.kz 13-05-2021 3185

Ақын-драматург, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан Тәуелсіздік жылдары елдің байлығын сақтап қалған азаматтар туралы баяндады. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты. 

Бақыт Беделхан.jpg

- Қазақстанның байлығын кімдер сақтап қалды? Братва. Бандиттер сақтап қалды. Рыжий Алмаз, Баха Фестиваль. Солардың кемшілігі қасына батыр ақын ерткен жоқ. Журналист ерткен жоқ. Жазушы ерткен жоқ. Батыр осы екен деп қалды. Сөйтті де заң күшіне еніп, мемлекет билігін, жүйесін қалыптастырып, күшіне енген кезде қасқырдай қырып тастады. Шетелде жүріп өлтірді мысалы. Егер де соның жанында ақын болғанда , соның қасында журналист болғанда, соның қасында жазушы болғанда рухани бай азаматтар соны насихаттап рухани бағыт-бағдар бергенде соларды Үкімет өлтіре алатын ба еді? Өлтіре алмайтын еді - деді Бақыт Беделхан. 

Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қастандық
«Айлығым 1 млн 500 мыңға қысқарып қалды» – Медициналық сақтандыру қорының басшысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу