Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаев бейнеленген муралды бүлдірді
Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаев бейнеленген муралды бүлдірді, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысының суреті төрт жыл бұрын №3 шағынаудандағы ғимаратқа салынған. Алайда жақында адамдар біреу Қонаевтың портретіне мұрт салып кеткенін байқаған. Қоғам қайраткерінің бейнесін кім арамдағаны әлі белгісіз.
Tengrinews.kz редакциясы полицияға сауал жолдады.


