Мәди Ахметов: Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын

Oinet.kz 16-05-2021 2476

Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметов биік мінберлерде халықтың мәселесін көтеріп жүр. Ол халықты Парламенттің арнайы сайты арқылы да қабылдап, мәселелерін заң шеңберінде шешіп беруге тырысады. Бұл туралы ол Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

cab99099caa36aae930b5f654bb6c4d5.jpg- Депутаттардың жұмыс уақытының 80-90 пайызы заңдармен жұмыс істеуге кетеді. Көрінбейтін, сахнаның артындағы жұмыс. Біз тікелей эфирге шығып жұмыс істейміз. Одан бөлек, "Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдау бөлімдері жұмыс істейді. Сол жерге барып азаматтарды қабылдап, мұң-мұқтажын атқарушы билікке жеткіземіз, - дейді Мәди Ахметов.

Еске сала кетейік, ол депутаттыққа түскен кезде 5 мәселені шешуге тырысатынын айтқан болатын:

1) Мамандарды даярлауды басты назарға қою. Қазір қос дипломмен жұмыс таба алмай жүрген жастар жетіп-артылады.  

2) Жаңа жұмыс орындарын ашу. Даярланған мамандарға қолайлы жағдай жасау. 

3) Жас отбасыларға қолдау көрсету және тұрғын-үй мәселесін шешіп беру.  

4) "Дипломмен ауылға" секілді жас мамандарға арналған бағдарламаларды қолайлы етіп, бюрократиялық тетіктерді алып тастап, іс жүзінде жүзеге асатындай етіп жағдай жасау, заңнамалық тұрғыдан.  

5) Қазіргі қоғамда тренд болып жатқан азаматтық белсенділік, волонтерлік секілді дүниелерді заңнамалық тұрғыда толықтай жүзеге асырыду қолдау. Оның ішінде жас ғалымдарды қолдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау, өз кәсібін ашатындарды қолдау, т.б, - деген еді Ахметов.

Screenshot_3.jpg

Ол әлеуметтік желіде өте белсенді. Facebook парақшасында "Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын" деп ұран сөзін жазып қойған. 


«Семіз ұлым арықтасын» деген бизнесмен футбол клубын сатып алды
Сәуле Әбілдаханқызы алғашқы күйеуі жайлы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу