Мәди Ахметов: «Дипломмен-ауылға!», «Серпін-2050» қаншалықты қажет?

Oinet.kz 22-05-2021 1308

Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметов жастар мәселесін көтерді. Ол жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асып жатқанын бақылайтындарын жеткізді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

fa09e1143231ef1d32534fc4c67ce216.jpgБюджеттен жыл сайын миллиардтаған қаржы бөлініп отырған, жастарды қолдауға бағытталған «Дипломмен-ауылға!», «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламалары қаншалықты тиімді жүзеге асуда?

Қос бағдарлама өз мақсатына жетті ме? Жастардың аталған жобалар жайлы хабары бар ма?

12 жыл қатарынан жүзеге асып келе жатқан «Дипломмен-ауылға!», 7 жыл бойы жалғасқан «Серпін-2050» қаншалықты қажет?

Осы және өзге де күрмеуі қиын сұрақтардың жауабын "Нұр Отан" партиясы жанындағы Жастарды қолдау кеңесінің алғашқы отырысында талқыға салдық. Кеңестің мақсаты тырнақ астынан кір іздеп, негізсіз сын айту емес. Нақты ұсыныстар беріп, ортақ алаңда мәселенің оңтайлы шешілуіне жағдай жасау. Партияның сайлауалды бағдарламасының уақытылы, сапалы жүзеге асуын қамтамасыз ету.

Санынан адам шатасатын кез-келген мемлекеттік бағдарламаны алып қарайтын болсаңыз мін табу қиын, мақсаты айқын, жоспары белгіленген. Тек іс жүзіне келгенде кері процесс жүзеге асатын сыңайлы, орындалуы ақсап тұр.

Басты мәселе министрліктер мен жергілікті әкімдіктер жауапкершілікті бір-біріне итеруімен әлек. Ортақ ұстаным жоқ. Нәтижесінде екі ортада қиналатын абитуриент, жас маман.

Басқаны айтпағанда осыншама жыл ішінде қос бағдарлама жайлы нақты, түсінікті ақпарат алатын ортақ платформа жоқ. Бөлінген гранттар толық игерілмеуде, жастардың қызығушылығы жыл сайын төмендеуде. Үгіт-насихат, түсіндірме жұмысы жоқтың қасы.

Кеңес отырысына қатысқан қос бағдарламаға жауапты вице-министрлерге мәселені тізбектеп, дәйекті ұсыныстарды бердік.

Осымен болды деп қарап отырмаймыз, берген ұсыныстардың орындалуын қадағалаймыз, есебін талап ететін боламыз, - деп жазды Мәди Ахметов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Madi AKHMET (@madi_akhmet)

Жанар Айжанова жаңа туған жиенін қолға алды (фото)
Жаңа босанған келіншегіне қарамай қойған Қыран Талапбек қатаң сынға қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу