Маңғыстауда жұт болып, жылқылар жаппай қырылып жатыр (фото)

Oinet.kz 04-06-2021 2675

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысындағы жылқылардың суреті қызу талқыға түсті. Куәгерлер жануарлардың қозғалудан қалғанын айтып жатыр, деп хабарлайды Greenqazaqstan.kz.

Screenshot_9.jpg

Жаңалықты Facebook қолданушысы Бердімұрат Төрекенов бөлісті. Жануарлардың мұндай халге түсуіне күннің қатты ыстық болуы әсер еткен болуы мүмкін: 2021 жылы жауын-шашын болмағандықтан, жайылымдар қурап қалды. Яғни өңірде жем тапшылығы болып жатыр.

Төрекенов жылқылардың жайылымға барар жолда құлап өліп жатқанын айтады. Ер адам жариялаған кадрлардан жылқылардың қандай күйде екенін көруге болады.

«Қазіргі таңдағы мал шаруашылық ахуалы мәз емес. Қыр үсті босып жүрген бір шаруа, жайылымға жақсы жер, құдық іздеп шаңытып жүрген көліктер. Жақында Ақшымырау 3-4 айғайынды жігіттер жылқы малдарын қырға алып шықты. Үш төрт күн жүріп әрең жетті. Келгенше 3-4 ірі қарасы өлді. (Ол шығынды өтеп жатқан, түсініп жатқан ешкім жоқ — ол халықтың маңдай тері). Жүрмей қалған жылқыларын кезек-кезек тиеп алдына әкеп тастап, су беріп тынықтырып он шақырым алдына әкеп тастайды. Қайтып барғанша тағы төрт-бесеуі сондай жағдайда оны тағы әкеп тастап тынықтырып зорға жетті.

Қызан ауылынан бір шаруашылық қой алып шықты олар да үш-төрт күн жүріп зорға жетті. Шағыл төбе мен Өрмелі құлауымен шықты. Бозашы түбегі үшін тура жол қырға шығу үшін. Өзі жағдайы кетіп арықтан өлейін деп тұрған малға 16-шақырым сор бар, сол сор қазіргі таңда шаруашылыққа сор болып тұр. Су тасып суарып көшке еретін водавоз жүре алмай тұр. Сол тығырықтан шығу үшін 16 шақырым сор ішіндегі грейдер жолды салып Бозашы түбегі шаруашылығына жол ашу керек. Ең маңызды жол. Бірден бір ыңғайлы тіке жол. Осы шаруашылық қиындығын көзбен көру керек. Сонда шаруа үшін жанашыр жандар қарап жұмыс жасап жатыр дер ек. Бұл төтенше жағдай боп бекітіп шаруаларға көмек беру керек.Жергілікті үкімет тарапынан қолдау табу керек,сонда нақты қадам деп айталамыз. Шаруашылыққа қатысты облыс және аудандық шаруашылық жөніндегі орынбасарлар,Ауыл шаруашылық жауапты бөлімшелер жұмыс жасап өзін көрсететін тұс», — деп жазды ол.

Ол құрғақшылық мәселесін жаңа құдықтардың көмегімен шешуге болатынын және осы орайда фермерлердің көп көмегі тиетінін айтады.

«Құдық қазып жатыр кейбір жағдайы бар жандар, соларды қаржылай қолдау керек. Су шыға ма, шықпай ма, қаржысы желге ұша ма — ол жағы әлі белгісіз. Сосын айтыңыздар есеп бергенде құдық қаздырылды, осыншама шаруашылық қырға шығарылды деп цифр көрсетіңіздер. Сол үшін жұмыс жасау және көрсету керек. Басқашалай ұят. Әрине мемлекеттік емес жекеменшік шаруашылық шығар, бірақ қаржысына жеке тұрғындарды етпен, сүтпен қамтамасыз етсе, бұлда елге пайдасы, экономикаға үлесі бар алға сүйреуші күш осы шаруалар деп ұғыңыздар. Шаруа ұстау оңай шаруа емес. Малшының жанын мал баққан түсінеді, аурудың жаманын ауырған түсінеді деген ел шаруашылығы жем-шөптен қыстан зорға шыққанда жазда енді жайлым жоқ сусыз қырып алмайық. Сондықтан жедел комиссия құрып, штаб құрып, тығырықтан шығу жолдарын бірігіп ойластыруларыңыз қажет кеш болмай тұрғанда. Мал жанымның садағасы деген мал жандарың аман болсын. Осы тығырықтан шығу жолдарын қарастырсаңыздар тездетіп. Жаңбыр сірә жоқ биыл. Қайғырғанға жылағанның күйін кешіп жатыр Маңғыстау облысы шаруашылығы», — дейді Бердімұрат Төрекенов.

Өлгелі жатқан жылқыны соймақ болған фермер Қазнеттің ашуын тудырған еді. Желі қолданушыларының бірі жағдайды «нағыз жұт» деп сипаттады. Сондай-ақ, қазақстандықтар биліктен аталған мәселеге назар аударуды сұрады.

Қазақстанда ескі банкноттарды айырбастауға қатысты жаңа ереже енгізілді
Арқалықта полицейлер рөлде жасөспірім отырған көлікке оқ атты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу