Сәуле Әбілдаханқызы «завучты» қорғаған Ермұрат Бапиды өткір сынға алды

Oinet.kz 13-07-2021 3128

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы белгілі саясаткер Ермұрат Бапиды сынға алды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Screenshot_17.jpg

Жақында Ермұрат Бапи Ордабасы ауданы, Бадам ауылы, А.Шерімқұлов мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген Ұлжан Елмұратованы жақтап мақала жазған болатын. Осы мақалаға байланысты көпшілік Ермұрат Бапиға қатысты түрлі пікірлер білдіруде.

"Ермұрат Бәпи "ауыш зауышты" жақтап, сіз туралы өй деді, бүй деді, сөй деді.... жауап жазыңызшы" - дейді көпбалалы аналар чатында.

"Каждый судит по себе" деген сөз бар. Өзі биліктен бір тапсырыс, аппазиден екі тапсырыс, шетелдік аппазиден үш тапсырыс алып жүрген соң, мені бадамдық зауыштан қиянат көрген Балнұр, Арай, Ақкүміс сияқты мұң шаққан қыздардан тапсырыс алды деп ойлауы заңдылық. Өйткені өзі сондай болған соң, елдің бәрін солай деп ойлайды. Балнұр мен Ақкүмісті өмірімде кеше бірінші рет көрдім. Адвокат табуға көмектесуімді сұрап келді. Олар маған тапсырыс бермек түгіл, зауышқа әперген кредиттерін төлей алмай шақшадай бастары шарадай боп жүр.

Бапиды оқымаймын да, оқығым да келмейді. Оттауизммен айналысу оның қырық жылдық жұмысы. Бүкіл бір ауылды зар илеткен оның зауышы ақ та, кредитке батып зар илеп қалған мына екі қыз сияқты мың бадамдық қара, мен қара екенмін... Солай-ақ болсын", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Еске сала кетейік, бейәдеп сөздер айтып видеоға түсіп қалған Ұлжан Елмұратова тиісті орындардың бұйрығымен қызметінен босатылды.

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында «Шілікті» сапар орталығы салынады
45-ке келген Тамара Асар тұрмысқа шықты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу