5 жасар қызды зорламақ болған педофилді тұрғындар ұстап алды (видео)

Oinet.kz 23-07-2021 1818

Қызылордада бес жасар қызды шешіндіріп жатқан азғын ұсталды. Ер адамның анайы әрекетін көршілер дер кезінде байқап, баланы аман алып қалды, деп хабарлайды КТК.

педофил.jpg

- Шынашақтай қызды арашалап қалған сәтті ұялы телефонға түсіріп алған. Кадрде көрініп тұрғандай, ашуға булыққан жұрт балаға қол жүгірткен еркекті жан-жақтан түтіп жеп жатыр. Бес жасар баланы әрірек әкетпек болған. Абырой болғанда көршілер көріп қалып, арам ойы іске аспай қалды. Сазайын бермек болған халықтан қызқұмарды полицияның арашалауына тура келді. Бүлдіршінді бүлдірмек болған еркек қамауға алынды. Кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - дейді телеарна тілшісі.

Шымкентте тоқ соғып, күйік шалған қыздың оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды
Шымкентте бір тәулікте 7 238 адам екпе алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу