Шымкентте тоқ соғып, күйік шалған қыздың оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды

Oinet.kz 23-07-2021 3638

Шымкенте тоққа түскен 15 жасар қыздың денесінің 91 пайызын күйік шалды. Жасөспірім теміржол үстіндегі көпірдегі темір қалқа торға шыққан. Телефонмен видео түсірмек болған кезде аспалы электр сымына жабысып өртене бастаған, деп хабарлайды Oinet.kz КТК-ға сілтеме жасап.

күйік шалған қыз.jpg

- Мына жерде бір отшашу сияқты атылды. Шашы сары қыз. Қимылдап жатты. Өртеніп, кәдімгідей жанып жатты. Мынандай шеттері жанып жатқан, ұзыннан жатты ғой ол қыз, осы жерде - дейді куәгер Мөлдір Жұмағұлова.

Оқиға орнында қыздың жанып кеткен киімінің шүберектері әлі торға жабысып тұр. Тіпті электр сымында қыздың шашы ілініп қалған. Куәгерлер осы маңда тұратын қыздың мұнда жиі келетінін айтады. Үнемі телефонға түсіріп жүретін дейді. Тик-токқа видео түсіргісі келді ме, әлде басқа жағдаймен қауіпті орынға көтерілді ме, оны ешкім әлі айта алмайды. Туыстары да ешкіммен тілдескісі келмейді. Ал сүйегіне дейін күйіп, денесінің 91 пайызы жанған қыздың өмірі үшін қазір дәрігерлер арпалысып жатыр.

- Электр жарақаты, термиялы күйіктің электр жалынымен 2-ші, 3-ші А, Б және 4-ші дәрежесі. Күйіктен естен танған. Туысқандарының айтуы бойынша және сол жердегі адамдардың айтуы бойынша, бір жарым, 1 сағат бойы өртенген. Үлкен биіктіктен құлаған - дейді Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова. 

Бір тәулікте 6 119 адамнан коронавирус анықталды
5 жасар қызды зорламақ болған педофилді тұрғындар ұстап алды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу