Президент Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Oinet.kz 03-08-2021 1344

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялап, бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берді, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді, - делінген жазбада.

«Елімізде вакцина салынуы тиіс халықтың 55 пайызы екпе алды» – Алексей Цой
Өңірлердің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу