Түркияға көмектеспек болған қазақстандықтар алаяқтарға алданып қалды

Oinet.kz 04-08-2021 1092

Түркиядағы өртке байланысты әлеуметтік желідегі қайырымдылық шарасына қатысқан қазақстандықтар алаяқтардың құрбаны болды.

Түркияға көмек.jpg

Түркия Хамада бин Халиф университетінің доценті Марк Оуэн Джонстың зерттеуін жариялаған  Sabah газетінің мәліметінше, алаяқтар желіде HelpTurkey хештегімен ақша жинаған. Джонс Twitter-дегі қайырымдылық кампаниясын бақылай келе, шараны жалған парақша иелері жүргізгенін анықтаған. 

Айта кетсек, көптеген қазақстандықтар Instagram-дағы Patcoearth жазбасын белсенді түрде бөлісе бастаған.

Жазбаға сүйенсек, әрбір stories-тегі жазбадан 0,01 доллар қаржы түсіп, Түркиядағы өрттен зардап шеккендерге аударылады. 

Төрт күн ішінде “қайырымдылықпен” айналысқан ұйым 322 мың доллар жинап үлгерген. Бұл қаражат Islamic Relief USA қорына аударылуы керек болған. Алайда қордың ресми дереккөздерінде желідегі кампания жайлы ақпарат мүлдем жоқ. 

Қазақстандықтарды Түркия тұрғындарының “Patcoearth парақшасының иелері алаяқтар” деп жазбаның астына ашық жазуы да тоқтатпаған көрінеді. 

Желіде белсенді түрде таралған кампания жайлы Түркия президентінің әкімшілік байланыстары бойынша басқарма басшысы Фахреттин Алтун пікір білдірді. 

- “Бізге көмек қажет екені рас. Алайда бұған дейін әлеуметтік желіде таралған кампания шетелде ұйымдастырылған. Оның мақсаты – Түркия халқының бірлігіне кері әсерін тигізу”, – дейді ол.

Алаяқтардың шығарған хештегіне жауап ретінде Түркия үкіметі #StrongTürkiye хештегін жариялап, әлем халқын сенімді дереккөздерінен алынған ақпаратты таратуға шақырды. 

Айта кетсек, Түркияның алты провинциясында орман өрті өршіп тұр. Тілсіз жаудың кесірінен көз жұмғандар бар. Бұл өрттің шығуына Түркияда террористік деп танылған ұйым себепші болғаны анықталды. 

«Олигархтар Олимпиадаға барып қыдырып қайтады» - қоғам қайраткері
Карантиндік шектеу шараларының сақталуы күшейтілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу