Зульфия Чиншанлоға үш бөлмелі пәтер тарту етілді

Oinet.kz 18-08-2021 962

Талдықорғанда Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Зульфия Чиншанло мен Игорь Сонға пәтер тарту етілді. Зульфияға облыс әкімі үш бөлмелі пәтер кілтін табыстаса, Игорь Сон екі бөлмелі пәтерді сыйға алды, деп жазады «Хабар 24». 

Screenshot_5.jpg

Талдықорған қаласының орталығынан үш бөлмелі пәтер Зульфия Чиншанлоға табысталды. Игорь Сон мен оның жаттықтырушысы Сергей Седов та марапатсыз қалған жоқ. Игорға екі бқлмелі пәтердің сертификаты берілсе, Седовқа екі миллион теңгеге тең ақшалай сыйақы тарту етілді. 

«Жарақаттарымызды жазып алуымыз керек. Сосын келесі Оолимпиадаға дайындалатын боламыз. Бұйырса, онда біз алтын үшін таласатын боламыз», - деп уәде етті Игорь Ссон. 

Айта кету керек, жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған болатын. 

Қалдыбек Құрманәлі: Роза мен Мақпалды да жексұрын қылды
Бибосынов пен Қоңқабаев мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу