Пәтерде қалған жүрек жылуы көзіме жас келтірді

Oinet.kz 03-11-2023 4999

Қасым біраз жыл отырған ескі пәтерін сатып қаланың келесі  шетінен  3 бөлмелі, кең пәтер сатып алыпты. Олар жаңа пәтеріне қоныстану үшін үйдегі барлық заттарын машинаға асығыс  тиеген екен. Қасымның әйелі де  ана-мынаға көмектесіп, сасқалақтап жүріп  кетерде ескі қонысын тазалап шығуды ұмытып кетсе керек.

1664500026_1-amiel-club-p-rossiiskaya-kvartira-vkontakte-1.jpgОлар жаңа пәтеріне көшіп келеді. Жаңадан ауысып жатқан пәтерінің есігін ашып кіріп келсе, бұрын-соңды бұл пәтерге адам аяғы баспаған секілді таза тұр екен дейді. Әйелі қуанып кетіп  ас даярлайтын  бөлмесіне кірсе  үстелде  конвертке салынған бір хат тұр екен. Конверт сыртында «Жаңадан көшіп кірген үй иесіне!» деп жазылыпты. Оқыса:  «Пәтерлерді жақсылап жуып-тазаладым. Бірақ заттарыңызды орналастырар алдында өздеріңіз жеңіл-желпі тазалық жасап алатын боларсыздар. Сіздерге осы пәтер құтты қоныс болсын, бақытты болыңыздар!» деп жазылыпты. Оны оқыған Қасымның әйелі дереу такси шақыртып, бұрыңғы  пәтеріне қайта барып, жақсылап тазалапты да,  келесі келетін үй иелеріне арнап  өзі оқыған  хаттан да жақсы сөздермен әдемілеп хат жазып қалдырыпты.

Осылайша Қасым мен әйелі имандылық, адамдар арасындағы  жүрек жылу, мейірімділік деген ұғымның терең мәнін бұрыңғысынан да жақсы түсінген екен.

Амантай Тойшыбайұлы.


Орыс мінезді келінім қазақша үйренем деп жатыр
Қожа Ахмет Яссауидың әруағының арқасында перзентті болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу