Бибосынов пен Қоңқабаев мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайды

Oinet.kz 18-08-2021 880

Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Screenshot_7.jpg

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының олимпиадалық команданы марапаттау мақсатында өткізілген баспасөз мәслихатында белгілі болды. 

Олимпиада ойындарының қола жүлдесі үшін берілетін мемлекеттік сыйақы көлемі 75 мың доллардан тұрады.

Сонымен қатар, Бокс федерациясының басшылығы спортшылар мен жаттықтырушыларды ақшалай сыйақымен марапаттады. Сондай-ақ, Олимпиадаға қатысқан боксшыларға да бағалы сыйлықтар табысталды. 

Айта кетерлігі, бұған дейін еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, балуан Нұрислам Санаев мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайтынын айтқан болатын.

Зульфия Чиншанлоға үш бөлмелі пәтер тарту етілді
Олимпида жүлдегері вакцина алуға шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу