«Құрылыссыз қалсам да Өзбекстаннан келгендерге құрылыс жасатпау керек»

Oinet.kz 22-08-2021 9321

Құрылыссыз қалсақ та Өзбекстаннан келген өзбектерге құрылыс жасатпау керек! Мен бүгін осындай шешімге келдім.

Screenshot_1.jpg

Есіктің алдынан 4Х12 размерлі екі бөлме қосып бастағам. Ондағы ойым - биыл балалардың бірі үйленсе, бір жатын бөлмені босату еді. Үйдің іргетасы мен қабырғасын балалардың өздері қалады. Төбесін жабу мәселе болып, екі ай тұрып қалдық. Содан амал жоқ, бір өзбектермен өте қымбатқа келістік. Өмірі кешігіп жүремін ғой. Шатыр жабылғасын интернеттен қарасам, Алматыдағы құрылыс компаниялары мен өзбектерге төлеген бағадан екі есе арзанға жабады екен! Ойбай-ау, мен күніне үш мезгіл ыстық тамақтарын бергізіп, әлпештеп жүріп жасаттым ғой, бұларға! Сөйтсем, бұл да ештеңе емес екен. Үйіміз салынған 10-шақты жылдан бері сырты әрленбеген еді. Екі өзбекпен сол мәселе бойынша сөйлестім. Тағы да өте қымбат баға айтты. Сөйткенімше болған жоқ, қазақтың үш жігіті келді де, әлгілер айтқан бағадан екі есе арзанға жасап, бастап кетті.

Есіктің алдына қосқан екі бөлмені екі өзбек сылап шыққан. Екі бөлмеге және есіктің алдына тоқ сымдарын жүргізуді де келісіп, ақысын төлеп қойғам. Олар сылақты бітірді де, сымдарды жалғамай кетіп қалыпты. Кеше кешкісін ұлым телефон соқса: "папаң оның пұлын бермеді ғой" депті беттері былш етпей. Әйда, телефон соқтым да аттың басын жібердім ғой! Өйтіп, өмірімде ешкімді боқтамаған шығармын?!

Сөйтсем, түннің бір уағында қос өзбек жетіп келіп, сымдарды жалғап жүр. Өзара әңгімесінен құлағым шалғаны - сыртқы қабырғаны басқа біреулердің әрлеп жатқанына іштері күйіп тұр! "Арзанға келісіпті" деп қояды сыбырласып, Қараңғыда тұрып бәрін естіп алдым. Дым білмегенсіп, сол өзбектерге терезелердің жақтауын қаншаға сылап беретінін сұрадым. Үш терезеге 30 мың сұрайды. Сосын үйге кіріп, интернетті ашсам, Алматыда откостыың метрін 1600 теңгеден сылап береді екен! Менің терезелерімнің барлығы 10 метр шықты. Яғни, біздікілер 16 мыңға жасайтын жұмысты өзбектер екі есе қымбат жасайды екен! Интернеттен тағы бір нәрсеге көзім түсті. Сөйтсем, өзбектер бізге Мәскеудегі құрылыс жұмыстарының бағасын айтады екен!

Қайтадан далаға шықтым да, өзбектерге келдім. "Сендерде орташа айлық жалақы қанша?" деп сұрадым. "Елік доллар" деді. "Онда сендер неге бізге Москваның бағасын айтып жүрсіңдер? Москвада орташа айлық жалақы 2 мың доллар! Алматыда 500 доллар. Жүріңдер, интернеттен көрсетейін. Сендер істейтін жұмысты қазақтар екі есе арзан жасайды! Қазақтар айға қарап жүріп ақша табады деп ойлайсыңдар ма?" деп екі сағат лекция оқыдым. "Ия, ия, бопты ака, бопты ака!" деп жұмыстарын бітіріп, менен құтылғанша асықты.

"Шебер-шебер" дегенге бұл өзбектің биті әбден семіріпті! Бұларды Ресейден қуып шығып еді, аңқау қазаққа кергіп сөйлеуді шығарыпты. Бізден де жұмыс таппаса, өздері үшін иттей боп, тиын-тебенге жалынып келер еді!

Өзбектерді төбемізге өзіміз шығарып алып, "ойбай, бәрі қымбат" деп жылаймыз. Күйіп бара жатқан жұмысымызды өзбектерге емес, өзіміздің жігіттерге беру керек. "Қазақ жалқау, жауапсыз" деген стереотипті өзіміз жасап алғанбыз! Әйтпесе, жұлқынып, жұмыс істейтін қазақтар да жетерлік екен! Есесіне, ақша өз елімізде қалады. Бір қазақтың нанды уайымсыз жеуіне сеп боламыз!

Тоқтар Жақаштың Facebook парақшасынан

Мұрат Әйтенов: Бұқаралық спорт дамып келеді
Құрмет Талапқазы қатты ауырып қалды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу