Аудан әкімі журналисті лақтырып жіберген күзетшілердің кім екенін айтты

Oinet.kz 25-08-2021 4343

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі Азамат Қалдыбеков "Хабар 24" журналисін ғимараттан күштеп шығарып жіберу оқиғасына қатысты пікір білдірді. Ол бұл жағдайға қатысты тиісті шаралар қолданылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Алатау ауданы әкімінің айтуынша, ол тілшіге қатысты жағдайды бұған дейін білмеген. Тілшілердің "орынбасарларыңыз жеткізді ме осындай жағдай болғанын" деген сұрағанына әкім жағдайды кеш естігенін айтты. Сондай-ақ, ол күзет қызметкеріне тілшіні кіргізбеу туралы тапсырма түспегенін айтты.

"Күзет компаниясы - жекеменшік компания. Олар арзан баға ұсынып, тендерді жеңіп алды. "Арлан" ЖСШ деген мекеме. Наурыздан бастап қызметіне кірісіп жатыр. Бірақ менің атымнан, болмаса басқаның атынан кіргізбеу туралы тапсырма түспеген", - деді әкім.

«Соңғы үлгідегі телефон, алтын сыйлады»: Меруерт Түсіпбаева сүйіктісі жайлы айтты
Қазақ әншісі «Өзбекстан халық әртісі» атағын алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу