«Соңғы үлгідегі телефон, алтын сыйлады»: Меруерт Түсіпбаева сүйіктісі жайлы айтты

Oinet.kz 25-08-2021 4689

Меруерт Түсіпбаева сүйіктісі жайлы шындықтың бетін ашты. Әнші қазіргі уақыттағы бақыты мен сүйіктісі жасаған сыйлықтар, материалдық дүниелерге деген көзқарасы жайлы Алматы арнасының Paparazzi бағдарламасында айтты.

Screenshot_7.jpg

Жақында 50 жасқа толған әнші өмірлік құндылықтарының өзгергенін айтады. Бүгінде Түсіпбаеваға ақша, байлық, дүние қызық емес. 

"Әдемі телефон, бриллиант... 50-ге келгенде адамға ештеңе керек емес.  Балам “Range Rover ал” дейді. Мен одан да сол ақшаны үнемдеп, сені оқытайын дедім. Иә, міне аламын. Бірақ ол маған керек емес", – дейді Түсіпбаева. 

Әнші осы сұхбатында жеке өміріне қатысты біраз құпияның шетін ашты.

"Құдайға шүкір, өмірімде сүйікті адамым бар. Ол телефонның ең соңғы нұсқасын сыйлады. Оны әлі ашқан да жоқпын, қызықпаймын. Алтын сыйлады. Қонақ шақырып, біраз шығындалдым. Соған өзінің демеуін жасады.

Қазіргі уақытта мен ештеңеге қызықпаймын. Маған автокөлік сыйласа да, қызық емес. Қазір сондай сәттемін, материалдық заттар қызық емес", – деп ағынан жарылды елуді еңсерген әнші.

Мен Ақбөпемін деп ережені бұза берсек не болмақпыз - желі қолданушысы
Аудан әкімі журналисті лақтырып жіберген күзетшілердің кім екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу