Баян Мақсатқызы қазақстандық әкімдерді қатаң сынға алды

Oinet.kz 26-08-2021 3391

Баян Алагөзова Алматыдағы әкімдік күзетшісі мен журналистің текетіресіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

"Журналист пен күзетшінің текетіресі екі күннен бері ел талқысында. Біреу сөз бостандығын, енді біреу тәртіп пен ереженің сақталғанын қолдайды. Олардың әрекетін бағаламаймын, оны атқаратын құқық қорғау органдары бар. 

Мен оқиғаның салдары емес, түпкі себебі - біздің шенділердің қолжетімсіздігі туралы айтқым келеді.

БАҚ нөмірі 1-ші жауға айналса, ресми сайтта көрсетілген ақпараттан артық дүние білгісі келетіндердің бәрі - жауыз, қызғаншақ болып шығады.

Мемлекеттік сатып алуға, әкімнің жоспарына, оның жеке өміріне, табысына, декларацияға ешкім қызығушылық танытпауы керек. 

Ангела Меркельдің қала ішіндегі және сыртындағы үйін, күйеуінің қайда және кім болып жұмыс істейтінін, қанша айлық алып, қандай супермаркеттен азық-түлік алатынын бәрі біледі. 

Ал мен өз ауданымның әкімі жайлы оның есімі мен қысқаша биографиясынан басқа не білемін? Ештеңе!

Әрбір мемлекеттік қызметші халыққа қызмет ететінін түсінуі керек. Ол өзінің "жұмыс берушісіне" жылына бір рет есеп беру кезінде ғана емес, қай кезде де қолжетімді болуы керек!

Кешегі жағдай не себепті туындады? Журналист басшыдан сұхбат алу үшін әкімдікке 3 рет келген. Бірақ оны кіргізбей қойған, себебі әкім бәрін қабылдамайды. 

Біздің әкімдіктер - қауіпсіздік деңгейі жоғары объектілер, Пентагонды не ала, не бере алмайсың. Қолдары бос емес деп санайық, ок. Жұмыс атқарып жатсыздар ма? 

Онда бізде артық сұрақ болмас үшін нәтижені көрсетіңіздер. Ал сіздердің жұмыстарыңызға көңіліміз толмайды екен, халыққа және БАҚ-қа жауап беріңіздер", - деп жазды Баян Мақсатқызы.

Мені далаға лақтырған күзетші емес, әкімдік - Ақбөпе Тәңірберген
Тәуіптің емінен кейін жағдайы нашарлаған бала жансақтау бөліміне түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу