«Қазалы отбасыға жиырма жыл бойы, жыл сайын 10 млн теңгеден беру керек!»

Oinet.kz 29-08-2021 3437

Танымал заңгер Айгүл Орынбек Жамбыл облысында болған жарылыстан мерт болғандардың отбасына мемлекет қаржылай қолдау көрсету керектігін айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

5d26cb2bccc3d168761354.jpeg

"Жалғыз ұлын маңдайынан  иіскеп шығарып сала алмаған  аналардың жүрегі тілім -тілім болды ау! Жарылыстан денесі түгелдей жанып, күлін жинай алмай жер сипап қалған әкелердің алдына қай беттеріңмен бармақсыңдар?

Бейбіт өмірде қорғандарынан айрылып жесір қалып отырғандарға үндеме деу мүмкін емес! Жылаңдар айқайлап жылаңдар, жыламай отыруға болмайды! “Әкем жұмыстан кешігіп келеді “ деп күтіп жүрген балалардың жәутеңдеген көздеріне қарап, бұл жемқорлық жайлаған қоғам үшін мен басымды иіп кешірім сұраймын!

Қаза болған азаматтар  бүгінгі күннің батырлары! Отбасыларына қайғырып тұрып көңіл айтамын, тас түскен жеріне ауыр. Десе де  әрбір азамат бір бір үйдің асыраушысы болғаны сөзсіз!

Мемлекет тарапынан әрбір отбасыға бірақ рет жәрдемақы төлеп қоя салынуына қарсымын! Қазалы отбасыға жиырма жыл бойы, жыл сайын он миллион теңгеден аударып отыру керек! Артында қалған балалары автоматты түрде білім гранты игерлері атану керек! Ақшамен жалғыз ұлдың, асқар таудай әкенің, аяулы жардың орнын толтыру мүмкін емес! Жемқорлардың қалтасына кеткенше, қаза болғандардың отбасына кетсін!

О дүние де ұрпағы үшін алаңдамай тыныш жатсын! Мемлекеттің ең бірінші қазынасы  адам өмірі!

Адам өмірін алдын ала сақтай алмайтын қауіпті мемлекет болғанымыз қандай өкінішті!" - деп жазды Айгүл Орынбек.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс орын алды. Салдарынан жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

«Қол-аяқтарды жинап, экспертизаға алып кетіп жатыр» - журналистке оқырманның хатынан
«Жарылған қоймада тарс еткен дыбыс естіліп, жалын шықты» - Қорғаныс министрлігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу