Жамбыл облысында қаза болған шенеуніктің көлігінен полицияға шақырту табылды

Oinet.kz 09-09-2021 652

Қаратау қаласында жеке көлігі маңынан өлі табылған Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің қызметкері қайтыс болар алдында полицияға барған. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Телеарна мәліметінше, жолға қойып кеткен шенеуніктің көлігінде жол жөндеу жұмыстары бойынша қылмыстық іске қатысты куә ретінде полицияға шақырту қағазы табылған.

Талас облысының әкімдігі оқиғаға қатысты ақпарат беруден бас тартты.

Бұған дейін қайтыс болған шенеунік Талас ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы екені анықталған болатын.

«Әйелдерге арналған лауазымдар болады» - «Талибан» жаңа үкімет туралы
Қазақстанда COVID-19 жұқтыру қайта көбейе бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу