«Әйелдерге арналған лауазымдар болады» - «Талибан» жаңа үкімет туралы

Oinet.kz 09-09-2021 594

"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулла Муджахид Ауғанстанның жаңа үкіметінде әйелдерге арналған лауазымдар болады деп уәде берді, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі BFMTV агенттігіне сілтеме жасап.

image.png

Француз телеарнасына берген сұхбатында Муджахид бұған дейін жарияланған Ауғанстан үкіметінің құрамы уақытша екенін айтты.

- "Бұл үкімет уақытша. Бізде әйелдер үшін шариғат заңдарына сәйкес лауазымдар болады. Бұл тек бастамасы. Әйелдер үкіметтің құрамында бола алады. Бұл біздің екінші кезеңіміз болмақ", - деді Муджахид.

Сонымен қатар, қозғалыс өкілі АҚШ-пен ынтымақтастықта болған әйелдердің үкіметте мемлекеттік қызметтерді атқара алмайтынын нақтылады.

Жақында ауған әйелдері ел басқаруға қатыстыруды талап етіп наразылыққа шыққан болатын. Ал тәліптер уақытша үкіметтің құрамын жариялап, әйелдер билікте бола алмайтынын айтқан.

Бұл ауған халқы жаңа билік саясатына наразылық білдірген алғашқы акция емес. Жетінші қыркүйекте Кабул тұрғындары Пәкістанның ведомствоаралық барлау басшысы Фаиз Хамидтің қалаға келуінен кейін көшеге шықты. Наразылық білдірушілердің көпшілігі әйелдер. Акцияны тарату үшін тәліптер от жағып, қатысушыларды таяқпен ұрғаны туралы хабарланды. Сол күні наразылықтар Кабулдың солтүстігіндегі Парван провинциясында, сондай-ақ елдің батысындағы провинция орталығы Гератта болды.

Маңғыстау облысының әкімі болған Ноғаев бидің түбін түсірді (видео)
Жамбыл облысында қаза болған шенеуніктің көлігінен полицияға шақырту табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу