Түркістандық ақсақал қорық-музей қорына қолжазбалар мен көне кітаптар тапсырды

Oinet.kz 16-09-2021 615

Түркістан қаласының тұрғыны, зейнеткер Алиакбар Артықұлы Жалилов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қорына 23 дана діни сипаттағы көне қолжазбалар мен тарихи кітаптарын, сондай-ақ,  Ясауи кесенесі бейнеленген жарты ғасырлық тарихы бар кілемшені сыйға тартты. 

Screenshot_2.jpg

Алиакбар Артықұлының айтуынша  ХІХ ғасырға тән құнды дүниелер ата-бабаларынан және өзі білім алып жүрген кезеңде ұстаздарының берген кітаптарынан жинақталыпты. Тарихи деректері мол мұраларды қорық-музей қорына табыстап, көздің қарашығындай сақтап болашаққа аманаттауды жөн санағанын жеткізді.

Алиакбар Артықұлы табыстаған жазба ескерткіштері қатарында Әлішер Науаидің еңбектері, Софы Аллаярдың «Мәсләкул муттақин» (Тақуалар жолы),  «Мухтасар ал-уиқая», Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздың хадистері туралы, «Далаил хайрият» (Жақсылық дәлелдері), Ислам шарттары, Араб тілінің синтаксисі, «Фикһ» сынды  кітаптар  мен қолжазбалар бар.

Музей директорының міндетін атқарушы Ерсін Ботабайұлы музей қорына тапсырылған баға жетпес құнды кітаптар үшін Алиакбар ақсақалға зор алғысын жеткізді.

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Шымкенттегі үш магистралды су құбырының құрылысы аяқталуға жақын
Сифилиспен ауырады деген жас келіншек таза болып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу