«Имандай шыным» - Бекболат Тілеухан (видео)

Oinet.kz 20-09-2021 1244

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Парламент сайлауына дұшпандарына ерегіскеннен түскендігін айтты. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.

Бекболат.png

- Сынағандарға мүмкіндік беріп, осы жерге келесің бе деп. «Nur Otan» праймериз жариялап солардың бәрі жапырылып келіп праймериз тапсырды ғой. Мысық секірді секірді аспандағы етке жетпеген соң сасығын ай деп айтыпты. Жалпы айтқанда маған, тіпті қызық емес. Менің имандай шыным. Құдай төбемнен көріп тұр ғой. Менің кереметтей осыған жабысып қалған түгім де жоқ. Бірақ, бармайын деп ойлап тұрған жерден Қазтуған, Маханбет, Ақтамберділер өтіп кетті мекен ішімде бір ерегіс бар. Парламент сайлауы болардың алдында неше түрлі жалалар кетті. Қару сатты деген. Маған шабуыл басталған кезде менің депутат болғаннан дұшпандарым сонша қорқатын болса болу керек екен деген ой содан келді. Әйтпесе мен отказ беріп отқанмын - деді Бекболат Тілеухан.

Жұлдыз Өмірғали кішкентайында інісімен тастап кеткен анасын кешіре алмағанын айтты
Қазақстанда әркім маңызды!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу