Алматылық атқыштың әйелі Президент Тоқаевқа үндеу жасады

Oinet.kz 21-09-2021 1293

Алматыда атыс шығарған күдіктінің әйелі Анаида Демирчян үндеу жасады, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

image.png

Әйел адам жағдай бақылаудан шығып кеткенін айтады.

- "Мен ол кезде үйде балалармен болғанмын. Жедел жәрдем шақырдық. Бәрі қалай болғанын білмеймін. Мен көрген жоқпын. Тек атыстың даусын естідім. Бірақ сол кезде прокуратура, кезекші келгенде ол заң жүзінде бәрін түсіндіргенде қылмыстың алдын алар еді, түсінесіздер ме? Адамдар зардап шекті. Күйеуім, отбасым зардап шекті. Енді не боларын білмеймін. Біз заңға бағынатын азаматтар екенімізді, президентке миллион рет үндеу жасағанымды бүкіл әлем білсін. Қазір де үндеу жасаймын. Құрметті, Президент мырза! Сіз конституция кепілісіз, менің кәмелетке толмаған балаларымды қорғаңыз. Кішкентай баламның жүрегі ауырады, кеше ұстамасы ұстап қалды. Ал сот орындаушысына бәрібір, ол жедел жәрдем де шақырмады. Біздің қызметкерлердің жемқорлық пен заңсыз әрекеттері туралы мемлекет те, Президент, сіз де жақсы білесіз", - дейді Анаида Демирчян. 

5 адамды атып тастаған Игорь Дужнов туралы бәрі белгілі болды
Әкемді алғаш көргенде бетіне «Бізді тастап кеткеніңе рахмет» деп айттым - Say Mо
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу