Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды

Oinet.kz 22-09-2021

Бүгін Шымкент қаласының дін істері басқармасының тапсырысымен "Сарын" қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен қаламызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай діни конфессия өкілдері арасында айлық спартакиада өз бастауын алды. 

image.png

Бұл жоба қала тұрғындары арасында татулық пен келісімді нығайту, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында өтуде. Жоба бағдарламасы спорттың футбол, үстел теннисі және шахмат түрлерінен өтті. Аталмыш спорт түрлері бойынша Шымкент қаласының діни конфессия өкілдері 16 команда болып жарысқа түсуде. 1 айға созылатын бұл спартакиаданың алғашқы күні қала әкімдігі өкілдері, Шымкент қаласы маслихатының депутаттары және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтетін ашылу салтанатынан бастау алды. Сонымен қатар, дәл осы күні командалар арасында футболдан топтық турнир өтті. 22 қыркүйек пен 15 қазан аралығында іріктеу турнирі өтсе, ағымдағы жылдың 15 қазаны күні ақтық финал мен спартакиаданың жабылу салтанаты күтілуде. Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар атынан алғыс хатқа ие болып, жеңімпаздарға құнды сыйлықтар мен кубок табысталады. Жоба толықтай медициналық қызметкердің қатысуымен және карантиндік сақтық шараларын сақтай отырып өтуде.

Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×