Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Oinet.kz 22-09-2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың                         15 сәуірінен бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. 

image.png

Қала аумағында өтетін жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары өз өнімдерін нарық бағасынан 10-15% төмен бағада ұсынады. 

Жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері мен Түркістан облысының Төле би, Түлкібас, Сайрам, Ордабасы, Отырар аудандарынан 200-ден астам тауар өндірушілер қатысуда.

Қала тұрғындары ет, сүт өнімдерімен қатар, бақша көкөністері мен жеміс-жидек секілді күнделікті тұтыну тауарларын делдалсыз тікелей сатып алу мүмкіндігіне ие. 

Айта кетсек, жәрмеңке әр аптаның сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері қаланың «Фосфоршылар мәдениет үйінің» алды, «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағы, «1000 ұсақ-түйек» сауда қатары және «Рахима Плаза» сауда орталығының жанында өтеді.

Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды
«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» онлайн кездесу


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×