Ұлжан Елмұратова: Қазақтың бір қылықты қызы едім

Oinet.kz 30-09-2021 6954

Өмірдің ойықтары орға жықпай қоймайтыны рас. Бес күндік өмірде өлу үшін ғана келмеймізғой. Сыйласып, сырласып өтудің орнына, ғайбаттауға кетіріп жатқан алтын уақыттардың жауабы бар екенін неге ескермейміз...?

Screenshot_1.jpg

Аллаға шүкір өмірге келдім, абыроймен өмірлік жарымды тауып шаңырақ құрдым. Міне 4 перзенттің анасымын. Бірақ сол перзенттерімінің ұяға қондырып, өз алдарына ұшырып үлгермей жанған жұлдызды жанбай тұрып сөндіруге жұмыс жасайтындардың әрекеттерінде көрдім, атқан «зымырандарыныңда» соққысына төтеп келемін. Өмір ғой, бірақ қастанып жатқан қазақтың келіншегіне қазақ болғаны өкінішті. Осы сәттерде Күләш Ахметованың мынау өлең шумақтары еске түседі:

Қазақты жамандама, қазақ бала, 

Халық қой, қазақ деген аз-ақ қана. 

Мәңгілік ай астында, жер үстінде, 

Қазақтың жанашыры – қазақ қана... 

Өзгелер өзегіңе тепсе де ренішім болмас еді. Өзіңдікі өзегіме балта шапты. Міне енді өзімнің қазағымның соққылары салдарынан сөніп келемін. Денемді пышаққа тапсырғалы жатырмын. Төрт баламның өміріне ғана алаңдаймын. Өмір мені бұл дүниедегі сынақтарына төтеп бермейді деп шешкен болса, балапандарымның болашағын мені тілдеген қазағыма аманат еттім.

Ұлжан Елмұратова,

Сардар Әбдіжақияның Facebook парақшасынан

«Өз ойымды толық жеткізуге орыс тілі ыңғайлы» - экология министрі (видео)
Шымкентте «Shymkent Marathon 2021» марафоны өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу