Екі жылдан кейін ақталып шыққан ақтөбелікке 28 миллион теңге төленеді

Oinet.kz 11-10-2021 904

Ақтөбеде екі жылдан аса уақыт түрмеде отырып ақталып шыққан топ-менеджер моралдық өтемақы ретінде 90 миллион теңге талап етті, деп хабарлайды "Диапазон". 

image.png

Басылым мәліметінше, 2018 жылы компания бөлімшесінің басшысы қара металл сынықтарын жинағаны үшін 16 миллион теңге ұрлады деп айыпталып, сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Жоғарғы сот қылмыстық істі қарастырып, бірінші сатыдағы сот оны айыптау үкімімен жүргізіп, айыпталушының құқығын бұзды және оны Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасына қайтадан қарауға жіберді деген қорытындыға келді. Бұл жолы коллегия мүлдем қарама-қарсы шешім шығарып, сотталушыны оның әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтап шығарды.

Ақталып шыққан Ардақ К., сот арқылы мемлекеттен материалдық шығын төлеуді талап етті. Ол біраз жыл басшылық қызметте істеген, коммерциялық қызметпен айналысқан, үш бала асырап отырған, алайда ол жасамаған қылмыс үшін түрмеге отырып шыққан. Одан бөлек, түрмеде отырған кезінде інісінің жаназасына қатыса алмаған. Жалпы моралдық өтемақы ретінде 90 миллион теңге төленуі керек деген шешімге келген. Сонымен қатар, ақталып шыққан ер адам 3,5 миллион теңгеге адвокат жалдаған.  

Сот оның талабын жартылай орындаған. Оған моралдық шығын ретінде 20 миллион теңге беріледі деген шешім қабылданды. Жалпы сот Қаржы министрлігінен 28 миллион теңге төлеуді талап етті, бұл сомаға моралдық шығын, заң бойынша шығындар мен екі жыл бойы алмаған табысы кіреді. 

Елордада бір күнде 68 жол апаты орын алған
Белгілі актер қойылым кезінде сахнада қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу