Елордада бір күнде 68 жол апаты орын алған

Oinet.kz 11-10-2021 582

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

- Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! 11 қазанда ауа райы нашарлайды, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деген болжам бар. Көліктеріңізге қысқы дөңгелек салып, баратын жерлеріңізді алдын-ала жоспарлауды, жол жүру барысында ара қашықтықты сақтап, абай болуларыңызды сұраймыз, - делінген полиция хабарламасында.

- Елордада бір тәулік ішінде 68 жол апаты тіркелді, зардап шеккен бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше қамқорлық қажет, - деп толықтырды департамент.

15 жастағы қызды өз әкесі де, өгей әкесі де зорлаған
Екі жылдан кейін ақталып шыққан ақтөбелікке 28 миллион теңге төленеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу