Белгілі министр отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті (фото)

Oinet.kz 25-10-2021 925

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің отбасында бесінші сәби дүниеге келеді. Шенеунік қуанышты жаңалығын мәжілісте өткен мемлекеттік қызмет көрсету процесін жақсарту туралы үкімет сағатында бөлісті.

Бағдат Мусин.png

Министрдің айтуынша, қазір халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік бажды QR арқылы төлеу мүмкіндігі пайда болған.

Сондай-ақ азаматтарға sms-пен хабар беру қызметі кеңейтілуде. Атап айтқанда, енді пәтер иелеріне мекенжайға жаңа тұрғын тіркелгенде, sms-хабарландыру келеді. Мусиннің айтуынша, бұл қызмет үйіне бірнеше адам тіркелгенінен хабарсыз болған қазақстандықтардың шағымынан кейін енгізілді.

- Бүгінде сәби күтіп жүрген адамдарға, мысалы менің жұбайыма... біз сәби күтіп жүрміз, бүкіл хабарландыру sms арқылы келеді - деді министр.

Бағдат Мусин қазір қазақстандықтарға 690 мемлекеттік қызмет көрсетілетінін айтты. Жақын арада олардың тізімі 1 788-ге дейін кеңейтілмек.

Айта кетері, Бағдат Мусин екі қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bagdat Mussin (@bagdatmussin)

Көлік апатынан 24 жастағы жүргізуші қаза тапты (видео)
Тесік нәски сәнге айналды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу