«Спутник V» шығарушылары балаларға арналған екпе тіркелетінін жариялады

Oinet.kz 27-10-2021 612

Жақында Ресейде коронавирусқа қарсы балаларға арналған вакцина тіркеледі деп күтіледі, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

image.png

Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург қазір мамандар дәріге фармакологиялық сараптама жүргізіп жатқанын айтты.

- Қазір сарапшылар жұмыс істеп жатыр: фармакологиялық сараптама жүргізілу үстінде. Жақында тіркеу туралы оң шешім шығады деп үміттенемін - деп бөлісті маман.

Бұған дейін Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Гамалея орталығынан жасөспірімдерге арналған "Гам-COVID-Vac-M" вакцинасын тіркеу үшін құжаттар пакетін алған болатын. Вакцинация мақұлданған жағдайда ол тек ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімімен салынады.

43 жасында алғаш рет ана атанған Майра Мұхамедқызы эфирде жылап қалды
Қазақстандық боксшы Әлем чемпионатында олимпиада чемпионын жеңді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу