Қазақстандық боксшы Әлем чемпионатында олимпиада чемпионын жеңді

Oinet.kz 27-10-2021

Белградтағы бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Хасанбой Досматовты тізе бүктіріп, сенсация жасады, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

24 жастағы қазақстандық боксшы мен 28 жастағы өзбекстандықтың жекпе-жегі 26 қазан күні өтті. Олар 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. Жерлесіміз кездесуді ұпай бойынша жеңіп шықты.

Бибосынов келесі қезеңде қырғызстандық Азат Үсеналиевтен басым түскен Үндістан боксшысы Дипакпен ұшырасады.

«Спутник V» шығарушылары балаларға арналған екпе тіркелетінін жариялады
Меркель ресми түрде Германия канцлері қызметінен кетті


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×