ІІМ ауа райына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Oinet.kz 02-11-2021 541

Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Ведомствоның мәліметінше, алдағы күндері республика аумағында күн салқындап, жел күшейіп, тұман мен жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты құзырлы орган көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуды ескертеді. 

- Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен көлік жүргізу әлдеқайда қауіпті болады, жылдың осы уақытында өте мұқият болу керек. Жылдамдық режимін, сондай-ақ көліктер арасындағы қашықтықты сақтау маңызды, бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға көмектеседі. ІІМ ауа райын ескере отырып, қауіпсіздік үшін қажет болған жағдайда көліктің басқа түрін пайдаланып, ұзақ сапарларды алдын ала жоспарлауға шақырады - дейді Ішкі істер министрлігі. 

Төлтаев пен Оралбай жекпе-жекті сәтті аяқтады
Сәкен Бибосынов Әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу