Төлтаев пен Оралбай жекпе-жекті сәтті аяқтады

Oinet.kz 02-11-2021 1013

Бокстан Белградтағы әлем чемпионатында 1/8 айналым жекпе-жектері аяқталып, ширек финалға өткен боксшылар анықталды, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Кешкі сессияда соңғылардың бірі болып шаршы алаңға шыққан Санатәлі Төлтаев пен Нұрбек Оралбай жеңіске жетті. 63,5 келіде сынға түскен Санатәлі Төлтаев украиналық Денис Песоцкийді 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. 

Сондай-ақ, 80 келідегі Нұрбек Оралбай венгриялық боксшыны айқын басымдықпен ұтып, келесі айналымға шықты. 

Айта кетелік, бүгін рингке көтерілген алты қазақстандық боксшының бірде-бірі жеңілген жоқ. 

Соңғы тәулікте 1 181 адамнан коронавирус анықталды
ІІМ ауа райына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу