Нұрболат Абдуллин Қазақстандағы ең қымбат әншілердің бірі атанды

Oinet.kz 27-12-2021 2125

Отандық танымал асаба Бағдат Жақыптың айтуынша, биыл тойда сұранысқа ие әншілердің қатарына Нұрболат Абдуллин енген. Ол тіпті хит әнші Төреғали Төреәлінің өзін басып озған, деп жазады Express Қазақстан. 

Screenshot_4.jpg

Белгілі болғандай, Нұрболат Абдуллин 4 ән орындағаны үшін той иесінен жеті мың доллар сұрайды. 

"Биыл Нұрболаттың қаламақысы қымбаттады. Бір тойға кіріп ән салғаны 6-7 мың доллар тұрады. Мен аптасына үш тойда асабалық қызмет етемін. Соның екеуінде той иелері Абдуллинді шақыруымды өтінеді", - дейді Бағдат Жақып. 

Асабаның айтуынша, Нұрболаттан өзге тойға жиі шақырылатын жас әншілердің қатарында Дана Кентай мен Нұрсұлтан Нұрбердиев бар. Олардың алатын ақысы әзірге Нұрболатқа жете қоймады. Жас әншілер думанды кеште ән салғандары үшін 500 мың теңге сұрайды екен. 

Бүлдіршінді оқтаумен ұрған. Алматы балабақшасында тағы бір дау шықты (видео)
Шымкентте шырша шамы жағылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу