Алматыда WhatsApp және Telegram мессенджерлері жұмыс істемей тұр

Oinet.kz 05-01-2022 779

Алматыда мобильді интернет пен WhatsApp және Telegram мессенджерлері жұмыс істемей тұр.

Screenshot_6.jpg

Тұрғындар WhatsApp және Telegram мессенджерлерінің істен шыққанын хабарлауда. Бұған қоса қаланың кей аймақтарында мобильді байланыс бұғатталған. 

Бұған дейін Алматыдағы Almaty Arena маңында тұрғындардың жаппай жиналып жатқаны айтылған болатын. 

Айта кетсек, 2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында жүздеген көлік иелері көшеге шыққан болатын. Олар жиындарда 1 қаңтардан бастап литрі екі есе қымбаттаған сұйытылған газдың бағасын төмендетуді талап етті.

Энергетика министрлігі бағаның көтерілуін сұйытылған газды өндірушілердің оны электронды сауда арқылы сатуға көшуімен түсіндірді.

Бірақ халық түсіндірмеге қанағаттанбады, себебі Қазақстанның батыс өңірлеріндегі көлік толығымен дерлік газдандырылған. Көтеріліс салдарынан наразылық акциясы облыстың бірнеше ауылын қамтып, шерулер түннің бір уағына дейін жалғасты.

Еңбекші ауданы “Үздік аудан” номинациясын жеңіп алды
Мемлекет басшысы қаза болған полицейлер мен әскерилерді наградтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу