«Тамақты қарызға алып жүрміз» Алтынай Жорабаева Тоқаевқа үндеу жасады

Oinet.kz 06-01-2022 33016

Танымал әнші Алтынай Жорабаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Ол халықтың әлеуметтік жағдайы қиындап кеткенін айтып, осы мәселені реттеуді сұрады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

"Маңғыстау …

Жұрт жиналған жерде жалын шығып кетпесе деп, Жаратқанға жалбарынып жүрміз. Қазақты кім қанамай жүр? Көп нәрсеге қыңқ демей шыдайтын елміз ғой…

Бір газ қымбаттағанға бола қалың халық нөпір жинала қалған жоқ! Қымбатшылық бір емес, мың жақтан шықты ғой.

Батпан байлықтың үстінде өмір сүріп, қарызға батып жүрген қазақпыз ғой. Ашындыратыны да сол... Тамақты да қарызға (kaspi red) алатын жағдайда жүргені қаншама!

Бір тұтатана алмай, бір отала алмай іште жиналып жүрген халықтың өкпе-назы өршіп кетсе , өшіру қиын болады, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Бұл мәселені "шешу керек" деп тапсырма берумен мәселе шешілмейді.

"Бағаны түсір, шекті баға мынанша теңге. Еттің бағасы мынанша, мұнан былай" деп, нақты бұйрық берілу керек-ау .Әйтпесе, үкіметтің мәселе шешіп жүргенін көріп,қарнымыз ашқалы қай заман…

P.S: Үкімет нақты шара қабылдап, халықтың пайдасына шешіп беруі тиіс.

Мен де , басқа да сол халықтың біреуіміз. БІЗ БІРГЕМІЗ!!!" - деп жазды әнші.

Алматы облысының әкімі өзін тыңдамағандарды боқтап жіберді (видео)
Алтынай Жорабаева көпшілікке енесін көрсетті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу