Бердібек Сапарбаев дүрбелең кезде алаңға қалай қорықпай шыққанын айтты

Oinet.kz 16-01-2022

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дүрбелең кезде алаңға шыққанын айтты. Ол алаңда халықпен диалог орнатып мәселені бейбіт шешуге, халықтың тұтастығын сақтауға барын салғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

Screenshot_2.jpg

"Алаңға шыққанда ешқандай қорқыныш болмады, мен өз халқымның алдына шықтым. Ал енді менің алаңға шығып, басу айтуым, ол біріншіден, менің азаматтық борышым. Екіншіден, осы өңірдің басшысы болғаннан кейін, ол менің басты міндетім. Қазір кейбір БАҚ-тан Сапарбаев алаңға шықпады дегенді оқып жатырмын. Мен өз өзімді алдап қайтемін. Халық соқыр емес, құлағы керең емес. Дүрбелең басталғалы күн-түн демей, осында жүрдім. Менің ең негізгі міндетім халықтың ішіне іріткі салдырмау, халықтың тұтастығын сақтау болды. Байқасаңыздар, ешқандай қару-жарақ қолданылған жоқ, ешкімді ешкім атқан жоқ. Алайда жағдай бақылаудан шығып, тәртіп пен заң бұзылғаннан кейін, әрине, қару пайдаланылды. Оның үстіне, төтенше жағдай мен комендаттық режим енгізілді", - деді Бердібек Сапарбаев. 

Мәжілі депутаты ана капиталын енгізуді ұсынды
Мұғалімдердің жалақысы 300 мыңнан да көп болу керек - Мадина Марат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×