Мұғалімдердің жалақысы 300 мыңнан да көп болу керек - Мадина Марат

Oinet.kz 16-01-2022

Бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген Мадина Марат мұғалімдердің жалақысын 300 мың теңгеге жеткізудің өзі аз екенін айтты. Бұл туралы ол журналист Жазира Байдалыға берген сұхбатында айтты.

Screenshot_4.jpg

"Мен бүгінгі күннің мұғалімін көзінде мұңы, ойында проблемасы бар жан ретінде көремін. Үнемі ой үстінде жүретін, түрлі мәселеден қажыған мұғалімнің дәл осындай күйге түсуіне де бірнеше себеп бар. Ол – ақшаның жетіспеушілігі, отбасы жағдайы, мектептегі қыруар жұмыс… 

Міне, осылардың салдарынан мұғалімнің өмірі бір сарынды өтеді. Ал мұғалімнің көзі мұңға толы болса, оқушының көзі де жайнамайды. Әлі есімде, алғашында мектептегі айлығым 48 мың болған. Кейін 60 мыңға көтерді. Оның үстіне, айлықтың жартысын мектепке тастап кетесің. Мектепке зат сатып келетіндер бар, содан қызығып бір нәрсе аласың. Күні бойы мектепте жүрген соң, асханадан қарызға тамақ ішесің. Сонда үйге апаратын айлықтан түк қалмайтын. Мұғалімнің үнемі шаршап жүруі де содан", - дейді Мадина.

Мадина Марат мұғалімдер бай болуы керек деп есептейді. Оның айтуынша, 300 мың теңге жалақының өзі ұстаздар үшін аздық етеді. 

"Ұрпақ білімді болуы үшін мұғалім бай болуы керек. Мұғалім – шексіз мүмкіндіктің иесі және соны тиімді түрде пайдалана алуы тиіс. Бүгінгі күні ауыр ой мен бас көтертпес мәселелерден мезі болған мұғалімнің өзін дамыту үшін ешқандай әрекет жасамауы қынжылтады. Оның да өзіндік дара жолы бар. Ол да саяхаттауға, түрлі бағытта қызмет атқаруға дағдылануы қажет. Мәселен, география пәнінің мұғалімі өзі Нұр-Сұлтан қаласына бармаса, астанамыз туралы қалайша әңгімелей алады? Негізінен мұғалім үлкен білімге ие. Алайда соны пайдаланып үйренуі қажет. Білімін табыс көзіне айналдыру арқылы мұғалім биік жетістіктерге жетуі әбден мүмкін. Мұғалімнің таңертең миы ашып оянады. Жұмысқа құлшыныспен бармайды. Себебі жұмыста да оны ми ашыту күтіп тұрады. Күнде бастықтан сөз естіп, қыруар қағазды толтырып үлгермеуі өмірге деген құштарлығын кеміте түседі. Ал көзінде мұң бар мұғалімнің оқушыға қандай білім беретіні де түсінікті. Қазір айлығымыз 300 мың теңге дейтін әріптестерім көп. Бірақ ол аз. Мен ай сайын 100 мың теңге ипотека төлеп, ақылы оқитын қызының ақшасын төлеп, жылап жүрген мұғалімдерді көрдім. Қазір бәрінің басында кредит бар, ипотека бар. Сондықтан, 300 мың теңге де жетпейді", - дейді ол. 

Бердібек Сапарбаев дүрбелең кезде алаңға қалай қорықпай шыққанын айтты
«Үй алып беріңіздерші. Өскенде қайтарам» - 9 жасар үй-күйсіз бала елді жылатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×