Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері төмендеді

Oinet.kz 15-11-2022 793

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін атады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Ведомствоның мәліметінше, биыл қазақстандықтарға 2,4 триллион теңгеден астам зейнетақы төленген. 2022 жылдың қазан айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,1 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 74,6 миллиард теңге, қосымша зейнетақы төлеуге 170,5 миллиард теңге бағытталды.

"2022 жылы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 268 мың адам. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 993 теңгеге жетті", – делінген хабарламада.

Қазан айында зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 109 171 теңге еді.

Покупка планшета: выбираем операционную систему
«Соғысты тоқтатын уақыт туғанына сенімдімін»: Зеленский Ресейге мәмілеге келуге ұсыныс тастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу