«Соғысты тоқтатын уақыт туғанына сенімдімін»: Зеленский Ресейге мәмілеге келуге ұсыныс тастады

Oinet.kz 15-11-2022 813

Украина президенті Владимир Зеленский Балидегі "үлкен жиырмалыққа" (G20) қатысушыларға бейнебаянында жойқын соғысты тоқтататын уақыт келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Украинская правда” сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Зеленский соғысты тоқтатудың маңыздылығын атады.

"Ресейдің жойқын соғысын тоқтату керек және оны тоқтататын уақыт туғанына сенімдімін", – деді Зеленский.

Сондай-ақ, Зеленский өз үндеуінде Ресеймен тұтқындарды толық айырбастауды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, Индонезияның Бали аралында жыл сайынғы "Үлкен жиырмалық" елдер көшбасшыларының саммиті өтуде. Саммитте әлемдік көшбасшылар COVID-19 пандемиясынан туындаған жағдайлар мен өзекті жаһандық мәселелерді, сондай-ақ, жаһандық тұрақты және инклюзивті өсу үшін экономикадағы күш-жігерді талқылауға ниетті.

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері төмендеді
Қанша қазақстандық Ресей азаматымен некелесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу