Қанша қазақстандық Ресей азаматымен некелесті

Oinet.kz 15-11-2022 580

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті қазақстандықтардың Ресей азаматтарымен қанша неке қиғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

«АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында 2022 жылдың қыркүйек-қазан айларында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары арасында 485 неке қиылды», - делінген хабарламада.

Бұл деректер былтырғыдан айтарлықтай ерекшеленбейтіні хабарланды. 2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында қазақстандықтар ресейліктермен 494 неке қиған.

Осы кезеңде ең көп неке Алматы - 94 (2021 жыл - 75), Астана - 51 (2021 жыл - 46) және Қарағанды облысында - 45 (2021 жыл - 49) қиылған.

Некеге тұрған адамдардың орташа жасы ерлерде 26-29 жас, әйелдерде 23-28 жас.

«Талдау көрсеткендей, соңғы жылы Қазақстан мен Ресей азаматтары арасында тіркелген некелер санының 14 пайызға төмендеуі байқалады. Мәселен, 2021 жылдың 10 айында 2153 неке, 2022 жылдың 10 айында 1851 неке қиылды», – деп толықтырды ведомствода.

«Соғысты тоқтатын уақыт туғанына сенімдімін»: Зеленский Ресейге мәмілеге келуге ұсыныс тастады
Өрт сөндірушілердің ең төменгі жалақысы 180 мың теңгеге дейін өседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу