Байбек Назарбаевқа адалдық танытты

Oinet.kz 18-01-2022 3287

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бейнебайланыс режимінде өңірлік филиалдармен жиналыс өткізді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді.

Screenshot_10.jpg

Жиын барысында Бауыржан Байбек Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікір білдірді. Ол Елбасы туралы түзу ойлар айтып, оған деген адалдығын танытты.

"Өткенге баға беру әркімнің қолынан келеді, бірақ ақиқат пен жалғанды ажырату әркімнің өз ар-ұятына байланысты. Ең қиын кезеңде, яғни біз мемлекет боламыз ба, болмаймыз ба деген сонау алмағайып 90-жылдары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты, етек-жеңін жиды. Төңірегімен терезесі теңесті. Жалпы әлемдік қауымдастық мойындады. Елбасы мен сол кездегі аға ұрпақтың 30 жыл бойы мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, шекарасын шегендеп, территориясының тұтастығын сақтауға сіңірген ерен еңбегі ұлт тарихында өз оң бағасын алары сөзсіз. Ал осы жылдары кетеуі кеткен дүниені тезірек түзеуіміз керек. Ол - сөзсіз. Президент жариялаған реформалардың да мәні - осы. Бірақ, Мемлекет басшылығынан кеткен Нұрсұлтан Назарбаевты жата жамандау - елдігімізге, азаматтығымызға сын", - деді ол.

Оңбай таяқ жеген Қуат Хамитов Тоқаевқа ащы шындық жолдады
Роза Рымбаева не үшін екінші рет тұрмысқа шықпағанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу