«Азаптауды доғарыңыздар»: Меруерт Түсіпбаева жазықсыз қамалған ерлерді босатуды сұрады

Oinet.kz 04-02-2022 1230

Меруерт Түсіпбаева митингіге шыққаны үшін түрмеде азапталып жатқан ерлерді босатуды сұрады. Әнші талай жанның жазықсыз соққыға жығылып жатқанын ашына айтты.

Screenshot_5.jpg

"Қасқыр да қас қылмайды жолдасына! Мынау қасіретке тосқауыл бар ма?! Осы қазақ бір бірін өзі-ақ қырып тастайды-ау (Сырттан жауды іздеудің қажеті жоқ). Бейбіт шеруге шыққан талай адамды тар қапаста ұрып-соғып жатыр деген ақпарат таралуда. Аңқау халық Қазақстанда Белоруссиядағыдай болады деп ойлаған болар. Бірақ олай болмады.

Өзі аз қазақ, оның үстіне қанша ер-азамат кетті, ал қалғанын азаптап жатыр. Осындай тепкі көрген еркектің алдағы өмірі қалай болады? Азаптауды доғарыңыздар! Адамдарды үйлеріне жіберіңіздер! "Қанның шақыруы" деген қайда?! Өз ұлтыңа деген сүйіспеншілік қайда? Эххх! Бас ал десе- шаш алғандар! Аман болыңдаршы!" - деп жазба қалдырды әнші желідегі парақшасында.

Из академии «Оңтүстік» — в «Гранаду»
«Өлсем де Шымкентке тұрмысқа шықпаймын»: Ақтөбелік ару Шымкент туралы шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу