Ordabasy: «Парасат» - халықтың көкейіндегі мәселені көтеретін ашық алаңға айналады

Oinet.kz 25-02-2022 684

Бүгін аудан орталығы Темірланда «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы жанындағы «Парасат»  пікірталас клубының алғашқы отырысы өтті.

Screenshot_3.jpg

Отырысқа аудан әкімі Бағлан Батыршаев қатысып, әлеуметтік мәселелерді шешудің ерекше алаңына айналған – «Парасат» майданының жұмысына сәттілік тіледі.

«Өңір басшысы Өмірзақ Естайұлының бастамасымен облысымыздың барлық аудан-қалаларында құрылған жаңа клуб ел ішінде қордаланған мәселелерді талқылап, тұрғындардың талап-тілегі негізінде әрекет етеді деп сенемін. Аталған клуб құрамына барлық ауылдық округтердің ең белсенді деген азаматтары жиналған. Сондықтан біз қоғамдағы аса маңызды мәселелерге қатысты азаматтық қоғамның пікір, ұсыныстарын   Сіздер арқылы  қабылдап, ортақ мақсатқа қызмет ететін боламыз», - деді аудан әкімі клуб отырысында.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары мен депутататтар, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер бір алаңда бас қосып, өз ойларын ортаға салады. 

Алдағы уақытта да пікір-талас форматындағы жиында өзекті проблемалар жан-жақты талқыланып, шешу жолдары қарастырылатын болады. 

Клубтың алғашқы отырысында ауыспалы төраға болып Қарақұм ауылынан Досым Құрманбек сайланып, клуб мүшелерінің құрамы бекітілді.

Келесі отырыс сәуір айының бірінші аптасына жоспарланып, ауыл шаруашылық саласы бойынша мәселе көтеріліп, талқыланатын болады.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Төлебиде 100-ден астам әлеуметтік қызметкер жұмыстан айырылып қалуы мүмкін
Соғысқа аттанып, қызымен қоштасқан ер азамат елді жылатты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу