Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Oinet.kz 01-03-2022 603

Screenshot_19.png

OINET.KZ - 2022 жылы запастағы 190 офицер екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылады. Үкімет запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулы қабылдады.

"Офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2022 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын", – делінген құжатта.

Әскери қызметке барлығы 190 запастағы офицер шақырылады.

Қазақстанның Қарулы күштеріне 150, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 40 офицер шақыру жоспарланып отыр.

Jusan Invest-тегі брокерлік шоттардың саны 100 мыңнан асты
Ordabasy: Ордабасылықтар татулық пен бірлікке бастайтын мерекені атап өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу