Ordabasy: Ордабасылықтар татулық пен бірлікке бастайтын мерекені атап өтті

Oinet.kz 01-03-2022 428

Аудан әкімі Бағлан Батыршаев 1 наурыз Алғыс айту күніне орай ауданымыздың дамуына үлес қосып келе жатқан түрлі этнос өкілдерімен кездесті. 

Screenshot_2.jpg

Жиында ауданымызға қарасты ауылдық округтертерден келген ұлт пен ұлыс өкілдері қиын кезеңде қол ұшын созып, бауырына басқан қазақ ұлтына алғыс айтты.

Өз кезегінде аудан басшысы татулық пен тұрақтылыққа қызмет етіп, елді береке-бірлікке шақырған азаматтарға да зор ризашылығын білдріп, арнайы Алғыс хат пен сый-құрмет көрсетті. 

Аудандық білім бөліміне қарасты мектептердегі әзірбайжан, украин, иран, орыс, күрді оқушылары аудан әкіміне өздері жасаған қолөнер бұйымдарын сыйға тартып, алғыс білдірді.

Аудан басшысы Бағлан Дәнебекұлы жасөспірімдерді жақсы білім алып, үздіксіз ізденуге шақырды.

Алғыс айту күніне арналған кездесудің соңы аудандық Мәдениет үйінде өткен мерекелік думанға ұласты. 

Аудан басшысы тұрғындарды береке-бірлікке шақыратын татулық мерекесімен құттықтады. 

«Атамыз қазақта: «Қарғыс алма, алғыс ал», - деген ұлағатты сөз бар.  Бұл қастерлі ұғымның мән-маңызы қазақ халқының сан ғасырлық салт-дәстүрімен үндесіп жатқандай.

Screenshot_1.jpg

Сондықтан да үнемі айналамызға алғыс айтып, ризашылық білдіруді естен шығарған емеспіз.  

Осынау мерейлі мерекеде баршаңызға Жаңа Қазақстан құру жолындағы белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін, Отан-Анаға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңіз үшін, ауданымызды көркейтудегі ерен еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын! 

Бұл айтулы күн жерлестеріміз үшін ең әуелі құдіреті күшті - Жаратушыға, ғұмыр сыйлаған ата-анаға, бейбітшілік құшағында тербеткен Тәуелсіз Отанға алғыс айтатын мереке бола бермек. 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, халқымыздың татулығы мен бірлігі арта түссін!», - деді аудан әкімі мерекелік құттықтауында.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Ресейліктер мен украиналықтар Таиландта ем ала алмай жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу